
2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің толық нәтижесін көрсету мақсатында еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектебінің рейтингі жасалды.
Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің жеті өңірінде ұйымдастырылып, оған 600-ге жуық мектептің 1670 оқушысы қатысты.
Рейтинг арнайы формула негізінде есептелді: алтын медаль – 3 ұпай, күміс – 2 ұпай, қола – 1 ұпай ретінде бағаланды. Осы есептеу нәтижесінде республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған 125 білім беру ұйымы анықталды.
Бұл рейтинг – оқушылардың, оларды дайындаған ұстаздар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегін бағалау, сондай-ақ олимпиадалық қозғалыстың дамуына серпін беру мақсатында әзірленді.
Мектептер тізімі:
1. «Білім-инновация» лицей-интернаты, Көкшетау қаласы;
2. «Білім-инновация» ІТ лицей-интернаты, Щучинск қаласы;
3. Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты, Көкшетау қаласы;
4. №5 көпрофильді «Таңдау» гимназиясы, Көкшетау қаласы;
5. №8 жалпы орта білім беретін мектебі, Көкшетау қаласы;
6. №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы, Көкшетау қаласы;
7. Есіл қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі, Есіл ауданы;
8. Щучинск қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі, Бурабай ауданы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1007782?lang=kk

Жауап қалдыру