Ақпараттық хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2-6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірлерінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігін тексеру бойынша іс-шаралар өтеді.

Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде бөлімшелерді дабыл бойынша көтеру, әскери техника лектерінің тұрақты орналасқан жерінен оқу-жаттығу аудандарына, полигондарға және оқу орталықтарына қозғалысы жоспарланған.

Жаттығулар тек оқу мақсатында өткізіледі. Ондағы мақсат – жауынгерлік дайындық деңгейі мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ бөлімшелерді басқарудағы командирлік дағдыларды жетілдіру.

Әскери техниканың қозғалысы барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, қатаң бекітілген бағдарлар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға және тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1008731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді