Астанада өткен семинарда Мемлекеттік рәміздердің рөлі мен маңызы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Достық үйінде Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті. Іс-шараны «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.

Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен елорда студенттері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен ортақ құндылықтарымызға деген құрметті арттыру, жас буынның бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Жиын барысында спикерлер мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен мазмұндық мағынасы туралы жан-жақты баяндап, рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жайлы кеңірек ақпарат берді.

Айта кетейік, «Менің Қазақстаным» акциясы аясында ақпараттық-танымдық шаралар қала мектептері мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ спорт ұйымдарында жүйелі түрде өткізіліп келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1007188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді