БӘЙДІБЕК: ОРЫНБАЙ ТАЙМАНОВ АТЫНДАҒЫ САЗ МЕКТЕБІНЕ – 50 ЖЫЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің 50 жылдық мерейтойына арналған «Өнер мен саздың бесігіне – 50 жыл» атты салтанатты концерттік шара ұйымдастырылды.
 
Мерекелік кешке аудан әкімдігінің өкілдері, мектеп түлектері, ата-аналар, ардагер ұстаздар мен өнер сүйер қауым жиналды.
Іс-шараны аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы ашып, өзінің құттықтау сөзінде жарты ғасырлық тарихы бар білім ордасының өнер мен мәдениетті дамытудағы елеулі үлесіне тоқталып, ұжымның шығармашылық табыстарына сәттілік тіледі.
 
Салтанатты кеш барысында мектептің өнерлі ұстаздары мен түлектері ән мен күйден, би мен көркемсөзден шашу шашты.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1006981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді