Балалар үйінің тәрбиеленушілері құтқарушыларда қонақта болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!»  акциясы аясында кездесу өтті.

«Отбасылық үлгідегі балалар ауылының» ұл-қыздары ШҚО ТЖД-не барып, өрт сөндіру көліктерін, құтқарушылардың нағыз киімдерін  өз көздерімен көріп, маңызды білім алды, балалар өрт-құтқару спортының чемпиондарымен танысып, олардың жетістіктеріне куә болды. Балаларға құтқарушылар мұражайына экскурсия да ұнады.

Нағыз құтқарушы ретінде өздерін сезінген сол сәт – балалардың есінде ұзақ сақталады.

Мұндай кездесулер қызықты саяхат қана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретудің тиімді тәсіліне айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1007111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді