
Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында биіктікке секіруден қызықты жайт тіркелді.
3 спортшы бірдей биіктікті бағындырғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Надежда Дубовицкая жүлдеден тыс қалды.
1.Пужа Пужа – 1.89 метр (Үндістан)
2.Елизавета Матвеева – 1.86 метр (Қазақстан)
3.Сафина Садуллаева – 1.86 метр (Өзбекстан)
4. Надежда Дубовицкая – 1.86 (Қазақстан)
Елизавета Матвеева 2023 жылғы Азия чемпионатында да 1.86 метр биіктікке секіріп, күміс жүлдеге ие болған.
Айта кетейік, отандастарымыз 2019 жылдан бері дәл осы сайыс түрінде жүлде алып келеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1008699?lang=kk

Жауап қалдыру