«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы
Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №26 А, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғиамараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kulan/press/news/details/1007845?lang=kk

Жауап қалдыру