
Жағатал ауылдық округінің учаскелік полиция капитаны У. Угивпен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салу туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Қазақстан ауылындағы дүкендерге бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Аталған рейд барысында дүкен иелеріне заң талаптары түсіндіріліп, кәмелетке толмағандарға зиянды өнімдерді сатқаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді. Бұл шара – жастардың денсаулығын қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1007031?lang=kk

Жауап қалдыру