
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста қаланың дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, 2025 жылы өтетін Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жөнінде баяндалып, жұмыс жүргізу барысы егжей-тегжейлі талқыланды.
Қала және ауылдардың санитарлық тазалығы барысындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі ұсынылды. Қала басшысы тиісті мекеме басшылары мен ауыл әкімдеріне бірқатар орын алған мәселелерді көтерді.
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасының қалада жүзеге асырылу барысы да сөз болды. Бұл ретте қала және ауылдарды абаттандыру, санитарлық тазалық пен экологиялық мәдениетті арттыру мәселелерін қозғады. Қала әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың тек науқандық емес, жүйелі түрде жүргізілуі керектігін атап өтті.
“Атқарылатын әрбір жұмыс – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс,” – деді Жандос Қалмырзаұлы.
Қала басшысы барлық бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1008334?lang=kk

Жауап қалдыру