Көкшетауда сотталғандарды оқыту және жұмысқа орналастыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының өкілдері сотталғандарды кәсіптік білім беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңес ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен, Ақмола облысы әкімінің бастамасы бойынша өтті.

Кездесу барысында Ақмола облысында сотталған азаматтарды кәсіби оқыту және өңірдегі құрылыс нысандарына жұмысқа орналастыруға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі кешенді шаралар талқыланды. Ерекше назар жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жұмыс берушілердің қолдауымен бостандыққа шыққан сотталғандарды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктеріне аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша кәсіби даярлықтың басым бағыттары, іске асыру мерзімдері және сотталғандарды оқыту, жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1007270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді