Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының 2024 жылғы қызметін бағалау және цифрлық трансформация қорытындылары ЖАП талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Жоғары аудиторлық палатасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің 13ші отырысы өтті. Ісшараға ЖАП, Қаржы министрлігі және өңірлік Тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік аудит жүйесінің цифрлық трансформациясы мәселелеріне айрықша назар аударылды. Бұл бағытта ақпараттық жүйелерді уақтылы интеграциялау мен рәсімдерді автоматтандырудың маңыздылығы атап өтілді.

ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов жыл соңына дейін «Мемлекеттік аудит нысанының кабинеті» модулін сынақтан өткізуді аяқтап, оны барлық өңірлік Тексеру комиссияларына енгізуді тапсырды. Бұл үдеріс тәуекелдерді басқару жүйесімен жұмыс істеуге арналған оқыту семинарымен қатар жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktob-revkom/press/news/details/1007010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді