Орал қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін маңызды мәселелердің бірі — жергілікті бюджеттің орындалу барысы жан-жақты қаралды. Отырыс барысында депутаттар мен салалық басқарма өкілдері бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын, сондай-ақ жоспарланған жобалардың жүзеге асырылу деңгейін талқылады. Сонымен қатар, өткен кезеңдегі қаржы игерілуінің нәтижелері сараланып, кемшіліктер мен проблемалық тұстар ашық айтылды. Қатысушылар бюджет қаражатын жоспарлау мен бөлуде ашықтық пен тиімділікті арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту қажеттілігіне де ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың 20-шы кезектен тыс сессиясында қаралатын бірқатар сұрақтар тыңдалды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uralsk/press/news/details/1007313?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді