Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар балалар ойын алаңын және футбол алаңын салу, жер кезегі, жол жөндеу жұмыстары, тұрғын үй, жаяу жүргіншілер жолының сапасы, балалар ойын алаңшасын жаңғырту және талдардың рұқсатсыз кесілуі, көше бойындағы ретсіз сауда орындарын жүйелеу мәселесі бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар арық жүйелерін тазалау, көше жарығын жиілету, жаяу жүргіншілер жолағын сызу және мектеп, балабақша алдындағы қоқыс алаңшасын реттестіру жұмыстары бойынша мәселелер көтерді.

Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1007227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді