
Қала әкімі Жандос Тасов тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізіп жатыр. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың көкейіндегі өзекті мәселелерді тыңдап, нақты шешімдер қабылдау.
Кездесу қалалдағы 52 мөлтек ауданынан бөлек, Алтынсарин 11,9,7,5,3 көпқабатты тұрғын үй аулаларында өтті. Тұрғындар инфрақұрылым, жол жөндеу, тұрғын үй құрылысы, жарықтандыру, жылу, абаттандыру, ойын алаңшасын салу және басқа да маңызды тақырыптар бойынша өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтуда.
Қала әкімдігі тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға тіркеліп, жауапты салаларға тапсырылуда. Қала басшысы қабылданған шешімдер тұрғындарға хабарланатынын атап өтті. Одан бөлек, бағдарлама жасалып тиісті жұмыстар атқарылатынын түсіндірді.
Халықпен осындай ашық диалог – қаламызды бірге дамытудағы маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1008367?lang=kk

Жауап қалдыру