
2024 жылы шаһарда ұзындығы 60-тан аса шақырымды құрайтын 8 канал механикалық тазалаудан өткен болатын. «Түйте» су арнасы – соның алғашқы қадамы.
Енді алдағы уақытта «Үшбұлақ» және «Қарасу-2» каналдары да жаңғыртылатын болады. «Үшбұлақ» су арнасы бірінші кезеңде 1,2 шақырымы ал «Қарасу» каналының 1,275 шақырымы абаттандырылады.
Жобада каналдардың жағалауын саябақ ретінде көгалдандыру, воркаут, спорт алаңшалары және зейнеткерлерге арналған тыныштық аумағы қарастырылған. Бүгінде эскиздік жобалар дайын және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Бұл жемісті жобалар қаламыздың көркіне көрік қосып, табиғи ортаны жақсартуға бағытталған. Экологиялық жағынан тиімді, жайлы әрі тыныш атмосфера қалыптастырудың алғашқы қадамдары.
«Қарасу-2» каналы «Алатау» және «Самал» шағын аудандарымен ағып өтеді.
«Үшбұлақ» каналы «Ұлы дала» шағын ауданында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1007904?lang=kk

Жауап қалдыру