
Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл үлкен алаңдаушылық туғызуда.
Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Күршім ауданының ТЖБ ескертеді:
– терезелерге арнайы қорғаныс бекітпелерін орнатыңыз;
– терезе маңына жиһаз қоймаңыз -бұл балалардың жоғары көтерілуіне мүмкіндік береді;
– москит торларына сенбеңіз олар құлаудан қорғамайды;
– балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1006929?lang=kk
Жауап қалдыру