
Сергей Цырульников Миланда (Италия) Guinness World Records өкілдері тіркеген үш әлемдік рекордты бірден жаңартты.
Қол жеткізген жеңістерін Қазақстан халқына арнайтынын айтқан спортшы:
«Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы», – деп атап өтті.
Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.
Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында ресми түрде тіркелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1007051?lang=kk

Жауап қалдыру