Семейде «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, аналарды құттықтады.

«Кеуделеріңізде жарқыраған бұл алқалар – тек марапат емес, өмір бойғы еңбектің, мейірім мен сабырдың, аналық махаббаттың белгісі. Тәуелсіз еліміздің болашағын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз ұмытылмай, ардақты есімдеріңіз әрқашан құрметпен атала берсін!», – деді Қуаныш Әбілдаев.

Жиын барысында 2 анаға «Алтын алқа», 11 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Құрметті алтын құрсақты аналар!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1007229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді