ШОРНАҚ ПЕН ҚОСМЕЗГІЛДЕ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сауран ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу үшін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендерінде болып, су құбыры құрылысын көзбен көріп, тексеру жүргізді. Әкім жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Шорнақ елді мекенінде сумен жабдықтау құрылысы жүзеге асуда. Жоба аясында ұзындығы 50,34 шақырым болатын су құбыры желісі тартылып, 137 үйді таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Қосмезгіл елдімекенінде де жалпы ұзындығы 117,8 шақырым су құбыры тартылып, 586 үйге таза ауыз су жеткізілмек.
Нысандарды аралау барысында аудан әкімі мердігер ұйымдардың жұмысына ерекше назар аударып, құрылыс сапасы мен мерзімдік талаптардың қатаң сақталуын ескертті. Жергілікті тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, атқарушы билік пен құрылыс ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға баса мән берді.
— «Елдімекендердің ауыз сумен толық әрі тұрақты қамтылуы – біздің басты міндетіміз. Мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік қарастырылып отыр. Ендігі міндет – жобаларды сапалы әрі уақытылы аяқтау. Бұл – халық алдындағы жауапкершілік», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
Су құбырын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып, өзге де елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша ауқымды жоспарлар іске асырылмақ. Аудан басшылығы бұл бағыттағы бақылауды тұрақты түрде жүргізіп, барлық тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жобаларды одан әрі жетілдіруге ниетті.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1007240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді