Шымкент қаласында жеке сот орындаушысының өкілеттігін асыра пайдалану фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Қаратау ауданының полиция басқармасы жеке сот орындаушысы «Т» қатысты өзi үшiн пайда алу мақсатында өкiлеттiктердi терiс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
 Алименттер мен салықтық берешектерді өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерлерден түскен ақшалай қаражаттарды сот орындаушы заңсыз өзінің жеке есепшоттарына аударып, иемденіп отырғаны белгілі болды.
 Оның заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 5 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1007109?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді