СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ (АРЫ ҚАРАЙ – СЖТІТ) ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына сәйкес, Алтай ауданы әкімдігінің «Серебрянск қаласы және Жаңа Бұқтырма кентінің Жылусуорталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі кәсіпорын қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өткізеді.

  • 2025 жылғы 30 мамырдан бастап СЖТІТ жұмысының қорытындыларына қоғамдық талқылау басталады.
  • 2025 жылғы 09 маусымда СЖТІТ жұмысының қорытындыларына ашық қоғамдық талқылау өтеді.
  • СЖТІТ аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 16 маусым.

Аталған іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық мүдделі тұлғаларды осыған белсенді қатысуға шақырамыз. Тіркеуден өту және қосымша ақпарат алу үшін Алтай ауданы әкімдігінің «Серебрянск қаласы және Жаңа Бұқтырма кентінің Жылусуорталығы» КМК комплаенс-қызметіне келесі мекенжай бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кенті, Больничная көшесі, 1-үй.

Электрондық пошта: Mzdaimec@yandex.ru

Байланыс телефондары: 8/72335/28169, 87479966217.

 

30.05.2025 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1008375?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді