
Талғар ауданы прокуратурасының ғимаратында кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және балалар лагерлерінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға білім бөлімінің өкілдері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, сондай-ақ балалар лагерлерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жазғы демалыстың негізгі аспектілері қаралды: балалардың мазмұнды демалысын ұйымдастыру, шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, сапалы тамақтануды ұйымдастыру және медициналық көмек көрсету. Әсіресе төтенше жағдайлардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жазғы кезеңде балалардың демалысын қауіпсіз әрі жайлы ету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1007776?lang=kk

Жауап қалдыру