
Ветеринария басқармасының мамандары Жандаулетова Ж.А. және Сулейменов А.Г. «Цифрлық гигиена және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша семинарға қатысты.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің заманауи киберқауіптер, дербес деректерді қорғау тәсілдері және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар аясында қатысушылар цифрлық гигиенаның негізгі аспектілерімен танысты, соның ішінде:
* құпия ақпаратты қорғау;
* қызметтік құрылғыларды пайдалану ережелері;
* фишингтің және кибер алаяқтықтың басқа түрлерінің алдын алу;
* күнделікті қызметте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мемлекеттік ұйымдарда деректердің ағып кетуіне жол бермеу бойынша тәжірибелер мен шаралардың өзекті жағдайларына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларға қатысу ветеринария басқармасының мамандарына жеке цифрлық сауаттылықты арттырып қана қоймай, алған білімдерін ақпараттық ресурстарды қорғау және ведомствоның жалпы киберқауіпсіздігін арттыру үшін кәсіби қызметте қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1006871?lang=kk
Жауап қалдыру