“Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 бұйрығы.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру тәртібі

        Заңның 16-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) береді.

     Ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге өтініш және № 2-стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынады.

       Ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту өтініш түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      Құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш тіркелген кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініш түскен күннен бастап 3 (үш)жұмыс күні ішінде объектіге инспекциялауды жүргізеді.

       Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор:

объектіні зерттеп-қарауды жүзеге асырады және объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді, сол сияқты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.

       Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағида негізінде 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныммен объектінің осы Қағидалардың талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ЭЦҚ-сы қойылған ветеринариялық-санитариялық қорытындыны (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) не осы Қағидаларға байланысты нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және “жеке кабинетіне” мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру тәртібі– 4 (төрт) жұмыс күні болып есептеледі.

         Ветеринариялық-санитариялық қорытынды берген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

  • мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;
  • көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

       Егер осы Қағидалардың көрсетілген талаптарға объектінің сәйкес еместігі туралы, анықталған бұзушылықтар болған жағдайда қызметті алушы оларды жойғаннан кейін ғана осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге қайта өтініш бере алады.

        Сондықтан жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына айтарымыз мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға өтініш берер кезінде жоғарыда айтылған қағидаларға байланысты талаптардың және объектіге сәйкес құжаттарынның толық болуы керек екенінін еске саламыз.

       

 

 

 

ҚР АШМ ВБ және ҚК Жангелдин

аудандық аумақтық инспкциясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1006862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді