ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы каникул кезеңінде 14 жасқа толған мектептің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне ақылы қоғамдық жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама 1 маусымнан 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Жасөспірімдер мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік құрылымдарында қоғамдық көмекші ретінде еңбек етеді.

Бағдарламаға қатысу үшін ата-аналардан жазбаша рұқсат ұсынылады. Жолдамалар тіркелген тұрғылықты мекен жайы бойынша аудандық мансап орталықтарында беріледі. Ай сайынғы еңбекақы мөлшері 28 айлық есептік көрсеткішті – 110 096 теңгені құрайды.

Аудандық мансап орталықтарының мекен жайлары:

Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.

Қоғамдық жұмыс – жас ұрпақтың еңбекке бейімделуіне, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, тәжірибе жинауына үлкен мүмкіндік.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1007244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді