
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында теміржол және су көлігі комитеті төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлім етті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 миллион жолаушы тасымалданды (өсім 6 пайызды құрады). Биыл 22 миллион жолаушы, оның ішінде жазғы кезеңде 7 миллион жолаушы тасымалданады деп күтілуде.
Биыл Алакөлге, Балқашқа, Шымкентке, Алматы мен Астана қалалары арасында қатынайтын 12 қосымша бағыт қамтамасыз етіледі.
Олардың қатарында:
- № 253/254 «Астана – Достық» (Тальго);
- № 207/208 «Алматы – Достық» (Тальго);
- № 211/212 «Алматы – Достық» (Тальго);
- № 221/222 «Алматы – Достық»;
- № 457/458 «Семей – Достық»;
- № 459/460 «Өскемен – Достық»;
- «Алматы – Достық»;
- «Қызылорда – Достық»;
- «Павлодар – Достық»;
- № 201/202 «Астана – Алматы»;
- № 203/204 «Астана – Шымкент»;
- № 219/220 «Қарағанды – Балқаш».
Бұл шаралар қосымша 300 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Жолаушылар ағыны артқан сайын қолданыстағы пойыздардың құрамы кезең-кезеңімен ұзартылады (қосымша вагондар жалғанады). Бұл шамамен 1 миллион қосымша орынды қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1007096?lang=kk

Жауап қалдыру