🎓 «Ақжайық жас дарыны – 2025»: Дарындыларды қолдау және шабыттандыру форумы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📅 2025 жылғы 27 мамырда Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Ақжайық жас дарыны – 2025» облыстық форумы аясында республикалық және халықаралық білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен олардың жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.

👥 Форумға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, «Өрлеу» БҚО филиалының директоры Софья Измуханбетова, ардагер ұстаздар, дарынды оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Шараға 800-ге жуық адам жиналды.

🏅 Салтанатты бөлімде 78 оқушы мен 76 педагогтың жетістігі аталып, олар алғыс хаттармен және гүл шоқтарымен марапатталды. Сонымен қатар, фойеде 10 оқушы өз ғылыми жобаларын таныстырып, көрмеге қатысты.

🎤 Қонақтар білім саласындағы табыстарға жоғары баға беріп, үздік оқушылар мен ұстаздарды ерекше ықыласпен құттықтады 🌟 Бұл форум – жас буынның дарынын ұштап, білім мен ғылым жолындағы талпынысына серпін беретін маңызды алаң.

Форум соңында Казталов ауданы, Қ.Мендалиев мектебінің оқушысы Саида Абуханова жүрекжарды сөзінде «Қарапайым ауыл мектебі оқушыларының үлкен жетістіктерге жетуіне мемлекетіміздің қолдау білдіруі — үлкен шабыт» екенін атап өтті. Облыс әкіміне шынайы алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1005670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді