
2025 жылы 30 мамыр күні сағат 11:00-де Ордабасы ауданында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді.
Шара Ордабасы аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өтеді.
Акция барысында кәсіби заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар тұрғындарға құқықтық көмек көрсетеді. Сонымен қатар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, өзекті сұрақтары бойынша кеңес береді.
Барлық аудан тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1005148?lang=kk

Жауап қалдыру