2025 жылдың 23 мамырында Департамент басшысының орынбасары А. Токтабаеваның төрағалымен, Департаменттің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларымен жауапты мамандардың, және Абай, ШҚО бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинар-кеңесте келесі сұрақтар талқыланды:
-тырысқақ бойынша лабораториялық диагностиканың өзекті мәселелері, Сагатова М.Е. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы АҚЖ зертхана меңгерушісі баяндады;
-2025 жылғы 4 ай бойынша зертханалық зерттеулер жоспарын орындау, Садыкова Ш.Б. Абай облысының СЭБД аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы баяндады;
– тырысқақ ауруына гемокультуралық зерттеу жүргізу бойынша, Кумарова А.М. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалы бактериологиялық зертхана дәрігері баяндады;
– ауылдық денсаулық сақтау обьектілеріне рұқсат құжаттарын беру (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) туралы, Баимолдина А.А. Абай облысының СЭБД ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы баяндады. Zoom режимде 35 адам қатысты. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1006345?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді