2025 жылдың 26 мамыр күні спорт саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша дөңгелек стол өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 26 мамыр күні Жезқазған қаласының кіші мәжіліс залында Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша Жезқазған қаласының спорт мектептерінің оқытушы- жаттықтырушыларымен, әдіскерлерімен дөңгелек үстел өтті.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  1. 2-разрядты спортшы.
    2. 3-разрядты спортшы .
    3. 1-жасөспірімдік разрядты спортшы .
    4. 2-жасөспірімдік разрядты спортшы .
    5. 3-жасөспірімдік разрядты спортшы .
    6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
    7. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы.
    8. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
    9. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
    10. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
    11. Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
    12. Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
    13. Спорт төрешісі.

Кездесуде жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша спорттық разрядтарды, біліктілік санаттарын алу реттілігі және қажетті құжаттар тізімі түсіндірілді. Кездесуге 25 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-zhezkazgan/press/news/details/1005989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді