2025 жылғы 27 мамыр күні Қоғалы ауылдық округінің әкімі Панфилов атындағы орта мектебінің оқушыларымен “Балалар Үні” атты челленджіне байланысты кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 мамыр күні Қоғалы ауылдық округінің әкімі Панфилов атындағы орта мектебінің оқушыларымен “Балалар Үні” атты челленджіне байланысты кездесу өтті. Жылы әрі ашық форматта өткен бұл кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақпен тікелей байланыс орнату, олардың ой-пікірлерін тыңдау және азаматтық белсенділікті арттыру болды.
Кездесу барысында әкім оқушыларға округтің даму жоспарлары, жастарға арналған мүмкіндіктер және қоғамдық бастамалар туралы ақпарат берді. Оқушылар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ауылды көркейтуге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Әкім жастардың белсенділігі мен саналы азамат ретінде қызығушылық танытқандарына ризашылығын білдіріп, білім алуға, қоғамға үлес қосуға ынталандырды.
Осындай кездесулер оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және жергілікті басқару органдарының жұмысымен жақынырақ танысуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kogaly/press/news/details/1006278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді