
Білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған “Қазақстан балалары” жалпыұлттық жобасы аясында ауқымды іс-шараларды іске асыру жалғасуда.
27 мамырда бүкіл ел бойынша мәслихат депутаттарымен, барлық деңгейдегі әкімдермен бейресми кездесулер өткізу аясында қалалық мәслихат депутаты А.Тилеубек, Шахан кентінің әкімі Г.А.Умирбеков, Долинка кенті әкімінің орынбасары Ж.Т.Хамитов және Новодолинский кентінің бас маманы Л.В.Чобанюк Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының оқушыларымен кездесулері өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері балаларды оқу жылының аяқталуымен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтады. Олар қауіпсіздік ережелерін еске салды. Балалар оқудағы және спорттағы жетістіктерімен, кенттерді абаттандыру бойынша ойларымен бөлісті. Кездесулер жағымды ахуалда өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1005791?lang=kk

Жауап қалдыру