Агродрондар, ауыл шаруашылығы техникасы, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер және мал шаруашылығын дамыту туралы семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🔷 Бүгін аудан әкімдігінде агродрондар, ауыл шаруашылығы техникасы, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер және мал шаруашылығын дамыту туралы семинар өтті. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбековтің төрағалығымен өткен жиынға қала, ауылдық округ әкімі аппаратының тиісті сала мамандары, шаруа қожалықтары қатысты.
🔷 Күн тәртібіне сәйкес, «Щелково Агрохим KZ» ЖШС агрономы Исат Қуаныш, «Қамбар ата» Қауымдастығының төрағасы Асылбек Бексауытов, “JINHONG AGRО LTD” (Жинхонг Агро) ЖШС менеджері Нурбахыт Кенжеханова агродрондар, ауыл шаруашылығы техникасы, минералды тыңайтқыштар және мал шаруашылығын дамыту тақырыбында баяндамалар жасады. Жиынға қатысушылар талқыланған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды. Семинар соңында “JINHONG AGRО LTD” (Жинхонг Агро) ЖШС өкілдері агродронды ұшырып, жұмыс барысын көрсетті.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1006663?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді