
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен облыс мектеп оқушылары арасында дәстүрлі “Жас құтқарушылар” сайысы өткізілді. Бұл шара жасөспірімдердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайын болуын арттырып, оларды ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат етті.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушылар визит картасы, қабырға суреті, алғашқы медициналық көмек көрсету, шабуылдау сатысына шығу, жауынгерлік киімді кию, жауынгерлік қанат жаю және жалпы төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын көрсетті. Оқушылардың шеберліктері мен білім деңгейлері тәжірибелі мамандар тарапынан бағаланды.
Сайыс соңында әр кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, грамоталар мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, жалпы сайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған командалар:
1 орын – Іле ауданы “Іле тарландары” командасы,
2 орын – Енбекшықазақ ауданы, “Алтын адам” командасы
3 орын – Талғар ауданы, “Жас құтқарушылар” командасы жүлделі орындар иегерлері атанып, оларға арнайы кубоктар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Шара қатысушылар мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланып, жас құтқарушылардың төтенше жағдайлармен күресуге деген ынтасын арттырды. Бұл сайыс болашақта нағыз батыр құтқарушылардың қалыптасуына үлес қосары сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1005230?lang=kk

Жауап қалдыру