Алматы полициясы жазғы демалыс күндері қылмыс қаупі туралы ескертеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы демалыс қарсаңында Алматы полициясы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына маңызды ескертумен жүгінеді: демалыс уақыты қайғылы оқиғаға айналмауы керек.
Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев атап өткендей, жаз – еркіндік, жаңа тәжірибе, мүмкіндіктер.
«Бірақ абай болыңыз! Бүгінгі күні жасөспірімдерге «жеңіл ақша» ұсынылады – мұның артында ауыр қылмыстар, әсіресе есірткіге байланысты болуы мүмкін. Көбінесе қандай да бір байламды біреуге беруді немесе жасыруды сұрайды. Есіңізде болсын: бұл – қылмыс. Ал 16 жастан бастап мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Бұл сот, соттылық және бүлінген тағдыр. Жаз – тәуекелге баруға себеп емес, керісінше, өсу, спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу, ерікті болу. Өзіңізге және достарыңызға қамқорлық жасаңыз. Есірткіге – жоқ деңіз!», – деді, Мұрат Жұмабаев.
Алматы полициясы жастармен алдын алу жұмыстарды жалғастырады және Профилактика жылында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне басымдық берілгенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1005957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді