Ақмола ормандарын қорғаудағы бақылау бекеттері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының орман алқаптары 50 мың гектардан астам аумақты алып жатыр — бұл өрт қаупі жоғары кезеңде ерекше сақтықты қажет ететін құнды табиғи аумақтар. Өрттердің алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірқатар профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.

Сол шаралардың бірі — бақылау бекеттерін орнату. Қазіргі уақытта құтқарушылар Көкшетау қаласы маңында және Бұланды ауданында кезекшілік атқаруда. Бұл шешім IV дәрежелі өрт қауіптілігінің енгізілуіне байланысты қабылданды — мұндай жағдайда оттың кез келген ұшқыны ауқымды өртке ұласуы мүмкін.

Ормандарды қорғау ісіне 23 мамандандырылған орман шаруашылығы мекемесі де тартылған. Олардың қызметкерлері күн сайын аумақтарды бақылап, жағдайды қадағалап, қауіп байқалған жағдайда жедел әрекет етеді.

Аспаннан орман алқаптарын «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің ұшу топтары бақылайды. Үш әуе борты Зеренді, Ақкөл және Бурабай аудандарының орманды аймақтары үстінен тұрақты әуебақылау ұшуларын орындайды. Табиғи өрттерді сөндіру үшін өңірде су төгетін құрылғылармен жабдықталған «Қазавиақұтқару» тікұшақтары да дайын тұр.

Жер мен әуедегі үйлесімді жұмыс өрт ошақтарын дер кезінде анықтап, оларды сөндіруге мүмкіндік береді. Бұл – ормандарды және сол маңдағы тұрғындарды қорғаудың басты кепілі.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1005442?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді