
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бурабай көшесінің Хантау көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі аралығына жол жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 29-31 мамыр аралығында көлік қозғалысы толықтай шектеледі. Ал автобус маршруттарының өзгеріс схемасы жоғарыда көрсетілген.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1006399?lang=kk

Жауап қалдыру