
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты мекемелерінің жасақ бастықтары мен пробация бөлімінің қызметкері Қазақ Ұлттық қыздар педагогика университетінде өткізілген «Ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру – қоғамның әлеуметтік-психологиялық тұрақтылығының негізі» атты халықаралық форумға қатысты.
Іс-шара жұмысына Италия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел отырыстарында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ата-ана болу мәдениетін дамыту, бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, дағдарыстық жағдайларды болдырмау және сапалы психологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру жолдары қарастырылды.
Кездесу барысында бірқатар шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, кәсіби сарапшылар өз баяндамаларын ұсынды.
Форум ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1005144?lang=kk

Жауап қалдыру