Атмосфералық ауа сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың І тоқсанында  Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының мамандарымен санитариялық-химиялық көрсеткіштерге атмосфералық ауаның 11880 сынамасы алынды, 1146 сынамада немесе 9,6% ауытқулар анықталды (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 24048/1119 – 4,6%).

Зертханалық бақылау автомобиль көлігінің ең қарқынды қозғалысы бар автомагистральдарда жүзеге асырылды, онда 7680 сынама зерттелді, зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының (бұдан әрі – ШРК) артуы 1110 сынамада немесе 14,5%-да анықталды (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 7680/1111 – 14,5%).

Өнеркәсіп кәсіпорындарының әсер ету аймағындағы селитебті аумақта 4200 сынама зерттелді, зиянды заттардың ШРК артуы 36 сынамада немесе 0,9% – да анықталды (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 10908/8 – 0,07%).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1006175?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді