АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі аппаратының ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында аудандағы ауылшаруашылығы саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде: Ауылшаруашылығы дақылдарының егіс құрылымдарын статистикалық есептілікке алу, ауылшаруашылығы жануарларының өсімін қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы саласына инвестиция тарту ауылшаруашылығы санағы бойынша көше шаруашылықтарын ретке келтіру (аншлаг, көше атаулары, үйлерді нөмерлеу) жұмыстарының барысы пысықталды.
Мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары аталған жұмыстардың бірқатар кемшін тұстарын атап өтіп, жауапты қызметкерлерге қатаң ескертулер жасап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1005159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді