
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлердің балаларына «Ашық есік» күні өткізілді.
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген мерекелік іс-шарада балаларға өрт сөндіру автокөліктері мен құрал-жабдықтары таныстырылып, судағы және өрттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар Апаттар медициналық орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін үйретті. Ал қызметтік ит Еваның мойынсынушылық пен ептілік шеберлігі балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Балалардың қатысуымен «Шекарасыз қауіпсіздік» атты спорттық ойын-сауық эстафетасы ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Аталған іс-шара барысында ата-анасының қызметімен танысып, тартысты жарысқа қатысып, би билеп, ән айтқан балалар бұл күннен керемет әсер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1006475?lang=kk

Жауап қалдыру