Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында конференция өтті.

Жиынға  Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б. Пшанов, тексеру комиссиясының бөлім басшысы С. Қармыс, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Н. Аймаханов пен басқарманың бас маманы М. Құрақбаев және аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат аппараты, мекеме, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдерінің қаржы жөніндегі жауапты мамандары мен есепшілері қатысты.

Семинар кеңесте мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар мен олардың алдын алу, мемлекеттік сатып алудың заңдылығы және қаржының игерілуі кезіндегі өзекті мәселелер қаралды. Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

Конференция қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев тексеру комиссиясының негізгі миссиясы — қаржы тәртібін нығайту, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану екендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, бұл бағытта барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар өз жұмыстарына жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс екені баса айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1006409?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді