Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19.05.2025 жылы Департамент мамандарымен «Мұғалжар аудандық ауруханасы» МКК-нің дәрігерлерінің қатысумен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша семинар – кеңес өткізілді.

Семинар – кеңесте «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020,  «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020,  «Фармакологиялық қадағалауды және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-320/2020, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрықтарына түсіндірмелер берілді.

Семинар барысында, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/1005755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді