Халықпен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 26 мамырында ШҚО Әділет департаментінің «Риддер қаласының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі» филиалымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша атқарушы округтің жеке сот орындаушыларымен бірлесіп “AMANAT” партиясының қалалық филиалында алимент өндіріп алу мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында алимент өндіріп алу, алимент бойынша берешекті өндіріп алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді, алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік туралы, ҚР “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңының нормалары түсіндірілді, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жөніндегі шаралар қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1006190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді