Мұнайшы ауылында аудан әкімінің қатысуымен есептік кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Бүгін, 27 мамыр күні Мұнайшы ауылында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың қатысуымен ауыл әкімінің жыл басынан бергі 5 айда атқарған жұмыстары бойынша есептік кездесуі өтті.

⚜️Кездесу барысында Мұнайшы ауылының әкімі Болат Бекмурзаев әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, санитарлық тазалық, білім беру, жұмыспен қамту, қайырымдылық және құрылыс бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

⚜️Атқарылған негізгі жұмыстар қатарында:

  • «Теңелбай Ата» қауымына апаратын 4 км жол тегістелді;
  • Қазақ ауыл шағынауданына су құбыры тартылуда;
  • 26 қоқыс жәшігіне темір қоршау орнатылды (жалпы жоспар – 40 дана);
  • Жаңақұрылыс-1 шағынауданында ангар типтегі спорт залының құрылысы жүргізілуде (құны – 442,1 млн теңге);
  • Айналма жол құрылысына жоба дайындалды (ұзындығы – 4,4 км, құны – 1,8 млрд теңге);
  • «Мұнайшы» жазуы бар стелла құрылысы жүргізілуде (жалпы құны – 30 млн теңге, қазіргі келісімшарт – 17 млн теңге);
  • Арбат құрылысы басталмақ (ауданы – 4800 м², құны – 39,2 млн теңге);
  • Екі құдық қазылды (жоба құны – 14 млн теңге);
  • Ескі тарихи қалдықтарды тазарту жобасы қолға алынған (құны – 13,4 млн теңге);
  • Жаңа автобус бағыты іске қосылды: Жетібай – Мұнайшы – Құрық.

⚜️Сонымен қатар, ауылда 129 азаматтың әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылғаны атап өтілді. Жеке кәсіпкерлер мен мекемелердің қолдауымен қайырымдылық акциялары, санитарлық тазалау және абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.

⚜️Кездесу барысында тұрғындар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Жиын ашық әрі тиімді диалог форматында өтті. Кездесуден кейін қатысушылар ауылда салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап көрді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1005733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді