Өкіл Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Ербол Қойшымановпен кездесті

Кездесу барысында еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау, оның ішінде мигранттармен еңбек шарттарына отыруын қамтамасыз ету және адам саудасына қарсы іс-қимылды арттыру бағытындағы өзекті мәселелер  талқыланды.

Кемсітпеушілік қағидасы (нәсілі, этникалық тегі, жыныс, діни және т.б. белгілері бойынша) Адам құқықтары туралы халықаралық биллде (Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакті, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакті) және түрлі тақырыптағы адам құқықтары жөніндегі бірқатар халықаралық келісімдерде бірдей қолданылады және танылған. Ол еңбекші-мигранттардың әлеуметтік бірлесуі және кірігуі жөніндегі саясатты іске асырудың негізгі шарты болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1006350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді