
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин өңір педагогтерімен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Орал қаласы білім бөлімінің басшысы Әлия Қайржанова қатысты.
👥 Жиын барысында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу мәселелері талқыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар таныстырылды.
📌 Мұрат Байсалов резервке қабылдану талаптарын түсіндіріп өтті: үміткер 35 жасқа толмаған және кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет.
🔎 Бұл бастама — жас, білікті, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтарға мемлекеттік қызметте өз әлеуетін жүзеге асыруға берілген үлкен мүмкіндік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1006516?lang=kk

Жауап қалдыру