
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының 35 жастан аспаған мемлекеттік қызметшілері арасында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы М.Т. Абтикерованың қатысуымен жиын өткізілді.
М.Т. Абтикерова Президенттік жастар кадр резерві 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтетіндігін, іріктеу бірнеше кезеңдерден тұратындығын, ең жоғары көрсеткішке ие болғандар резервке алынатындығын және 3 жыл ішінде конкурстық іріктеулерден өтпей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындаулары мүмкін екендігін түсіндірді.
Жиын барысында іріктеуге қатысуға қажетті құжаттардың тізімі, оларды сайтқа қалай салу керектігі жөнінде ақпараттар қамтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/1006336?lang=kk

Жауап қалдыру