Қала әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 мамыр күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында қаланың дамуы мен өзекті мәселелерді шешуге бағытталған екі негізгі мәселе қаралды.

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Жаңаөзен қаласының экономикалық-стратегиялық даму жоспарына арналды. Бұл бағыттағы баяндаманы Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Нұржұма Бопышқызы Гумарова жасады. Екінші мәселе ретінде қаланың салықтық түсімдерінің жай-күйі талқыланды. Бұл тақырып бойынша Жаңаөзен қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұржан Нұрбергенұлы Жәнібеков баяндама жасады.

Кеңес барысында қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала экономикасын әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті. Ол шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнімдердің франшизасын арттыру үшін жаңа франшизалар тарту қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, оқшаулау жобасы бойынша жұмыстарды жандандыру, “Бином” және “Абай” мектептерін салу мәселелерін пысықтап, жоспарға енгізу, сондай-ақ спорттық кешендердің құрылысы бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту бағытында кәсіпкерлер іздеудің маңыздылығына тоқталған қала әкімі, өңірдің мұнайға тәуелділігін азайтып, шикізатқа тәуелділіктің үлесін кеміту қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы сынды бағыттарды дамыту қаланың тұрақты экономикалық өсімі үшін басты басымдық болуы тиіс.

Кеңес соңында қала әкімі өндірістік мекемелерге қала тазалығы мен абаттандыру бойынша жауапкершілікті күшейтуді, сондай-ақ қалалық сенбіліктерге белсенді қатысуды міндеттеді.

Кеңес қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, жауапты тұлғаларға бекітілген мерзім ішінде тиісті тапсырмаларды орындау жүктелді. Барлық тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауға алынады.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1005522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді