Қазақстан ШЫҰ-ның Қытайдағы электрондық сауда жөніндегі жұмыс тобының 8-ші отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Циндао қаласында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің электрондық сауда жөніндегі арнайы жұмыс тобының 8-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының лауазымды тұлғалары қатысты. Онлайн-форматтағы кеңес жұмысына Қырғызстан мен Ресейдің сарапшылары қосылды.

Қатысушылар электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, жұмыспен қамтуды ынталандыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, электрондық коммерция саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды жолға қою арқылы шағын және орта бизнесті ықпалдастыру бойынша үздік тәжірибелермен алмасты. Тараптар бастамашылық жасаған құжаттар бойынша консультациялар өткізіліп, «Жібек жолының электрондық саудасы» таныстырылымы өтті.

Іс-шара аясында электрондық коммерцияға маманданған компаниялар арасында бизнес-байланыстар ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1006388?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді